📌 1-сыныпқа қабылдау

🎒 1 сәуірден бастап 1-сыныпқа құжат қабылдау басталады

✍🏻 Биыл бірінші сыныпқа қабылдау үшін өтініштерді қабылдау 1 сәуірде басталып, 2025 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі Орта білім комитетіне сілтеме жасап.

🏫 ҚР «Білім туралы» Заңына сәйкес 1-сыныпқа балалар 6 жастан бастап ата-аналарының өтініші бойынша қабылданады.

Құжаттарды тапсыру тәсілдері:

  • электрондық үкімет порталы арқылы — egov.kz,
  • жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелері арқылы,
  • қағаз түрінде — 1 сәуірден 31 тамызға дейін.

🔹 Қажетті құжаттар тізімі:

  1. Ата-аналардың немесе өзге де заңды өкілдердің өтініші
  2. № 065-у нысанындағы медициналық анықтама және баланың денсаулық паспорты № 052-2/у
  3. 3×4 см өлшеміндегі 2 дана фотосурет

📌 Өтініштер дүйсенбіден жұмаға дейін, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, келесі мекенжай бойынша қабылданады:

📍 Школьная көшесі, 6

🧑‍🧑‍🧒‍🧒 Құрметті ата-аналар, құжат тапсыруды соңғы күндерге қалдырмай, балаларыңыздың мектепке қабылдануын алдын ала қамдауды сұраймыз.