📌 1-сыныпқа қабылдау
🎒 1 сәуірден бастап 1-сыныпқа құжат қабылдау басталады
✍🏻 Биыл бірінші сыныпқа қабылдау үшін өтініштерді қабылдау 1 сәуірде басталып, 2025 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі Орта білім комитетіне сілтеме жасап.
🏫 ҚР «Білім туралы» Заңына сәйкес 1-сыныпқа балалар 6 жастан бастап ата-аналарының өтініші бойынша қабылданады.
Құжаттарды тапсыру тәсілдері:
- электрондық үкімет порталы арқылы — egov.kz,
- жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелері арқылы,
- қағаз түрінде — 1 сәуірден 31 тамызға дейін.
🔹 Қажетті құжаттар тізімі:
- Ата-аналардың немесе өзге де заңды өкілдердің өтініші
- № 065-у нысанындағы медициналық анықтама және баланың денсаулық паспорты № 052-2/у
- 3×4 см өлшеміндегі 2 дана фотосурет
📌 Өтініштер дүйсенбіден жұмаға дейін, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, келесі мекенжай бойынша қабылданады:
📍 Школьная көшесі, 6
Құрметті ата-аналар, құжат тапсыруды соңғы күндерге қалдырмай, балаларыңыздың мектепке қабылдануын алдын ала қамдауды сұраймыз.